Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  181


Автор: Баубек Бұлқышев

«Правда» анам

«Правда» анам,
Миллион балаң,
Соның бірі мен болам.
Оқи түсем,
Жігерленем,
Сонша білім мен табам.
Шалқып көкпен,
Өтіп күннен,
Марсқа арғы қол созам.
Сені оқысам,
Қуаттанам,
Бар өмірді мен шолам.
Тар кешуде,
Қиын кезде,
Арда ерлерге күш болған.
Сенің ана,
Жолың сара,
Алтын сөзді данышпан.
Тойың күні,
Өскен міне,
Жас бөбегің — мен балаң.
Саған арнап,
Лирикалар
Жас жүректен жыр жазам.
Тәрбиеңмен,
Сүтіңді емген,
Қажымайтын жас маман.
Сен өсірген,
Сен тербеткен
Ақын бұлбұл мен болам.

Май 1939 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу