Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  211


Автор: Баубек Бұлқышев

Май көркі

Май көркі сұлу сырға таққандайын,
Ән-күйге орман, тоғай батқандайын.
Күн нұры жер бетіне шашып шұғыла,
Көмкеріп ақ күміспен жапқандайын.
Шығыстың шымылдығы ысырылып,
Алтын таң нұрын шашып атқандайын.
Балбырап жасыл бүліс, көк өсімдік,
Құлпырған алтайымен мақпалдайын.
Жайдары осы майдың көрінісі
Қиялын жүрегімнің тапқандайын.
Майға ән сап, Әсеттейін әсемдетіп,
Жамбылша жыр бұлағын ақтарайын.
Елімнің көз салайын ой-қырына
Өмірдің көңіл қойып шын сырына.
Шат халық, бақытты елдің думан тойын
Желі ғып алтын арқау мен жырыма.
Майға біз әсем әнмен, үнмен келдік.
Жеңгендер съезімен, гүлмен келдік.
Жаңа салт, жаңа табыс, жаңа өндіріс
Жаңарған еткен майдан түрмен келдік.
Өмірдің ең шыңында тұрғанда елім
Ағылмай қалсын неге жырым менің.
Сондықтан тойға арнап төгілтейін
Шығарып дүкенімнен жырдың кенін.

Май 1939




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу