Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  197


Автор: Баубек Бұлқышев

Ғашығым

Салқын жел солтүстіктен бетіңді үрлеп,
Өсімдік желектерін киген түрлеп.
Теңселіп би билеген қыз-жігіттей,
Қытықтап жас жүректі тұрған тербеп.
Еріксіз ерініңді ашып күлші, күл деп
Жолдасым күлдіруге және себеп,
Қулық сөз, құмар істің бәрін түрлеп
Келемін сонда - дағы еш үн қатпай.
Ғашығым, жаным сүйген ойымды өрлеп,
Аймалап ақ тамақтан сүйсең, сүй деп.
Ол - дағы қарсы алып қатты қысса,
Ғашығым, жаным сүйген сүйші - сүй деп.
Осылай ойым кеткен шын ғашығым
Сымбаты сұлу сөздің — өлең-жыр ед.
Ми жетіп, тіл жорытып, қалам безсе,
Берер ем алуан-алуан алтын - еңбек.

29 май 1937 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу