Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  390


Автор: Баубек Бұлқышев

Лагерьде

Еске аламыз осы жаз
Осы кеш, осы күндерді
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.
Қайнатып сорпа өзіміз,
Шатыр тігіп далада,
Расписаниені ұмытқан
Жас вожатый бала да.
Бақшада сарай сыртында
Әткеншекті тептік біз.
Орманды тоғай, өзенге
Қыдырып, сіңіп кеттік біз.
Бұрқыраған тәтті сүт,
Ауылдардан іштік біз.
Жорыққа талай болғанда,
Шикі су талай ішіп ек.
Тек докторға көрінбей
Сазды талай кешіп ек.
Біз, балалар, үйрендік
Бұлбұл құстай жырлауды,
Біздерді құс деп келгенін
Күзетуші орманды.
Еске аламыз осы жаз —
Осы кеш, осы күндерді.
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.

«Октябрь балалары»
№ 56 (1136) 1939 ж. 29 июль.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу