Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  179


Автор: Баубек Бұлқышев

Досыма

«Мен сүйген бір-ақ сөз бар достық деген,
Ұзақ жол үзілместей жүрегімнен.
Қадірлі жан қиярлық достар болмақ,
Сүйдім мен сол достарды шын жаныммен.
Ырысы уақыт болар әлі де алда,
Наздасқан күнді еске алар түпсіз терең
Ғибрат сол кездерде бір көңілден
Арналған сөзімді оқып көлеңкемнен

Баубек.
Москва. 1940 жыл, май.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу