09.05.2021
  477


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Қасқыр мен кірпі

   Орман шетінде домалаңдап бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Бірақ  тұмсығы мен тамағы қанға боялып шыға келеді. Озбырлығын, қомағайлығын білдіргісі келмеген қасқыр кірпіге: 

    – Бетіңнен сүйейін деп едім, сен  –  ақ қырынбайды екенсің ғұмыры бір,  -  деп сылтаурады.  

    Кірпі қылтаңдарының арасынан біздей тұмсығын шығарып, сықылықтай күледі де: 

    –Асықпа, қасеке, сендердің азуларың түгел  қағылып біткен күні мен де қырына бастаймын, - дейді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу