Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  254


Автор: Әбділда Тәжібаев

Роттердамда

«Победа» Европада,
Мінеки ол Роттердамға бұрылды,
Көз әйнектер жылтылдайды жағада,
Көрмек болып Россияны бұрынғы.
Тоқтады келіп «Победа»
Мен де тұрмын сол кеменің бортында.
Тыпыршыған, тықыршыған жағада
Репортерлар ерсілі-қарсылы жортуда.
− Іздемеңдер әуреленіп
Өткен ғасыр Россиясын бүгіннен.
Табасыңдар тек музейден
Шабатаны қырық жыл бұрын киілген.
Рас, біздің балағымыз кеңірек,
Мән бермейміз шляпаға сіздерше.
Сынау керек портнойларды көбірек,
Жақсы тігу қиын ба екен ізденсе!
Ал бірақ сонау Марсқа
«Жетер ме адам?» десеңіздер иланбай.
− Біз жетеміз одан да көрі алысқа, -
Деген жауап бере аламыз қиналмай.

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу