Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  190


Автор: Әбділда Тәжібаев

Балықшы

Жағасында Аралдардың,
Балықшылар құрған аудың
Шыр айналып төңірегінде,
Қанаттарын төсеп күнге
Шырқырайды шағалалар,
Судан шабақ қағады олар.
Ортасында көкпеңбек сел
Үрлеп баяу желкенін жел,
Борандарға бас имеген,
Тузға піскен, күнге күйген,
Жас балықшы ән шырқайды,
Шағалалар шуылдайды.
Теңіздің жай толқығаны
Секілді тек соның әні,
Желдің өксіп сыңсығаны
Секілді тек соның әні.
Зарлы бастап, ащы аяқтап
Аңыратқанын алдым жаттап.
Кемеміздің тосып жолын,
Тұр балықшы созып қолын.
Тұлғасынан сом болаттай,
Жанарынан жанған оттай,
Тани қалдым ер гректі.
Елжіретті ет жүректі.
Мен де создым қолымды оған
Мен де ұсындым жанымды оған.
Дедім: жолдас, сүй жерінді,
Сүй Никосша мекеніңді,
Болашаққа баста жырды,
Жу теңізбен зар-мұңыңды.

1957





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу