Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  172


Автор: Әбділда Тәжібаев

Стамбул түндері

Айтылды азан, кешкі намаз басталды,
Еңкейтті ауыр ақ сәлделер бастарды.
Қол кеудеде, бет құбылада,
Тіл - ағузы, бісмеллада,
Күндіз жұққан күнәлардың
Алла атымен жуып бәрін.
Жарық көздер жасаурады, жұмылды,
Түрік қауымы сәждесіне жығылды.
Дәл осы кеште ресторанда арнаулы,
Жерлігі мен ішерлігі таңдаулы
Америкалық адмиралдар,
Офицерлер, генералдар,
Соғыстырып бокалдарды,
Арақтарды аса нәрлі
Жұта берді жұтқыншақтар талғанша,
Маңдайлардан мөлтілдеп тер тамғанша.
Бойшаң сұлу бөтелкелер тұр қаптай,
Самсап келіп сапқа кірер солдаттай.
Қүй кәнеки, тағы да қүй,
Стамбулда өзіміз би.
Тоқтатпаңдар гитар әнін.
Келтіріңдер түрік қыздарын! –
Дейді әмірлі ішкіштердің үндері.
Қандай ғажап Стамбулдың түндері.

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу