![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2021
66

Інілерге
Шалдарға күлімсіреп қарайсыңдар,
Жатыр-ау жандарыңда талай сындар.
Әдетпен әлпештесіп ағаларды,
Жаманын жарамдыға балайсыңдар.
Өлең боп алдарыңнан көп өтеді
Ойға да, құлаққа да қолайсыздар,
Әдебін сыйластықтың, қимастықтың
Ұқпайды ұяты жоқ, кей арсыздар.
Бірімін мен де, інілер, сол ағаның,
Жақтырмас жастардың сынағанын,
Тастайық, қалсын енді сақал сату,
Құны жоқ оңай тиген сыбағаның.
Айтыңдар ақ көңілмен әділетін,
Алыңдар таңдап жырдың ұнағанын.
Жасығын жалтақтамай жалтақ деңдер.
Сендерден осы менің сұрағаным.
1957
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |