Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  142


Автор: Әбділда Тәжібаев

Сұрбойдақ сөзі

Қырау тұрып, мұз қатып қалың мұртқа,
Шығып едім қыз таңдап қалыңдыққа.
Маған жаққан қыздарға өзім жақпай,
Күлкі болып оралдым тағы жұртқа.
Жастық шақтың білмеппін тез өтерін,
Күнде думан, той еді жүрген жерім.
Қыз жақтырмай қылжақтап жүргенімде,
Талай-талай кетіпті бұраң белім.
Қалыңдықсыз қашанғы жүремін мен?
Ентіктірген қорқамын жүрегімнен.
Қартаң тартқан қолыма бір қыз түссе
Айырылмас ем ұстатқан білегінен.
Жастық атты дәуренім,
Жарығындай сәуленің –
Жалт етіпті, өтіпті,
Іздеп соны әуремін.

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу