Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  153


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жастығым, мүмкін, оралар

Жас шағым қалды алыста,
Кәрілік кепті елші боп.
Айналып әуел танысқа,
Қонбақшы сосын көрші боп.
Қонбай-ақ қойсын қоңсыға,
Қоя тұр деңдер, балалар.
Көрейін біраз мен шыдап,
Жастығым мүмкін оралар.

1955




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу