Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  147


Автор: Әбділда Тәжібаев

Арман

Айсыз түн, тынық алаңсыз аспан,
Тартады күңгірт қалғыған орман.
Сездірмей жанға аяғын басқан
Келеді жым-жырт ақсағыш арман.
Оятты желді ұйқысыз арман:
− Көрдің бе, қайда сүйгенім менің?
− Естіп ем күндіз әндерін салған,
Білмедім бірақ, мекенін оның...
Аңсағыш арман ілгері кетті,
Қайтадан жел де ұйқыға батты.
Сол кезде бір ән талмаурап жетті,
Жалт етіп арман қанатын қақты.
Айсыз түн, тынық, алаңсыз аспан.
Жай ғана демін алады орман
Әзірдей кәзір бастауға дастан,
Сүйгенін тапқыш, ізденгіш арман.

1955




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу