👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  79


Автор: Әбділда Тәжібаев

Ақын — батыр

І
Отырды ақын ойға батқан
Өлең мен жыр толған үйге,
Ұшқыр қиял қанат қаққан
Тыңнан дастан көтеруге.
Жазған сайын төгіледі
Жанды сөз бен жалынды ырғақ,
Жырға қағаз көміледі
Тынбай қалам жортуылдан,
«От пен оққа қарсы шапты
Ойрандады жау қамалын.
«Отан үшін!» - деді қатты,
Ойламады аққан қанын».
Жазды осылай орта шенде
Поэманың бір шумағын...
Жедел бұйрық жетті демде
Жаза алмады арғы жағын.
II
Бет күйдірген удай аяз,
Белшеден қар омбылатқан,
Бүркеулі мин, бөгеген мұз
Бейне қақпан - жолда жатқан.
Басты ілгері қызыл ерлер,
Бас тартпады жау тараптан.
Бомбаменен ашылды жол.
Жау қамалын аспанға атқан.
Жол салады тыңнан жара
Жүректі ақын салған жанын.
Жүргендей ол жазып мұнда
Поэманың соңғы жағын.

1940


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы