Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  165


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қойшы жыры

Ағын өзен алдында
Құрай - құрай жануар.
Қайырайын айдынға,
Мөлдір судан қанып ал.
Ән салады аузыма
Бала күннен баққан мал
Айтылмай сыр қалды ма
Менің саған жануар?
Семірмессің сен қалай,
Болса мендей қойшың сай,
Қуанбасын ел қалай,
Қойы қоңды, жері бай.
Қайырайын өзенге,
Мөлдір судан қанып ал.
Алшақ мүйіз ақ серке,
Баста, кәне, жануар.
Алдырмаймын бөріге,
Айқасқанмын мен талай,
Жаным риза әніме
Алау – лайлай, алау – лай.

1940




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу