👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  89


Автор: Әбділда Тәжібаев

Орыс халқына

Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым - орыс халқым!
Арнап саған жазамын жыр
Жалынды өлең - жанған жалқын.
Өз ұлыңмын туған сенен
Бесігімсің - қызыл алтын.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың - менің даңқым.
Алтын таңның аясында
Арқыраттың, ат ойнаттың
Алмас семсер жарқылдаттың,
Ескі әлемді қалтыраттың.
Оксандарда далаларда
Темір әскер шеру тарттың.
Түнге, түннің сұмдарына
Тегеурінмен қарсы шаптың.
Патшаларды тәж-тағымен
Бейне допша аспанға аттың.
Кайзерлерді сыпырдың сен,
Ұлы Отаннан сілкіп қақтың.
Баулап сонда мені, бауырым,
Ақ сұңқардай сорғалаттың.
Жарылуын жаттаттың сен
Жау ішінде гранаттың.
Құдіретіңнен қуат алдым,
Қатарында бірге шаптым;
Үзенгісін мен де қақтым,
Желден жүйрік арғымақтың
Сонда өсірген ер ұлыңмын,
Иесімін ен қайраттың;
Сөйлер тілім: Ленин тілі,
Сүйген тілі адамзаттың.

1938


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы