Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  246


Автор: Әбділда Тәжібаев

Грузия

Ұлыңдай жас грузин жайнаң қағып,
Алабын Эльбрус тұр түгел бағып.
Құрбысы Казбек те көтеріңкі
Тоқтаған ащы жасы жатқан ағып.
Күн ашық, тұманы жоқ шөгіп жатқан,
Ері жоқ бұрынғыдай қанға батқан.
Алысқа айбарменен көз жіберіп,
Шыңына, көремісің, туын қаққан,
Жас тоты ерке қызы - сұлулары
Бұғаусыз бостандықта жүр ғой бәрі.
Ынтығып тұлпарына бір міне алмай
Жоқ тағы зарлап жатқан тұтқындары.
Баурынан бақыт күйі ағып - тасып,
Өлкесін грузиннің жатыр басып,
Тыңдашы жастарының салған әнін
Есіп жүр жүйрік желмен араласып.

1936




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу