Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  191


Автор: Әбділда Тәжібаев

Дәптер шетінен

Шексіз тірлік,
Дария аққандай
Бұлқи ағар көз алдымда.
Кейде тымық,
Кейде толқын –
Шапшиды өрге, жоғарыға.
Толқын тауға,
Құлаш сермеп,
Долданғанда дауыл күні.
Сонда менің –
Өмірімнің
Күшті долы шығады үні.
Түпсіз терең,
Көк теңіздің
Толқынымен мен де соның,
Ол қозғалса
Менде бірге
Қозғаламын,
Тебіренемін.

1933




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу