Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  153


Автор: Әбділда Тәжібаев

Еңбекшілер тезіне

Сын күшейсін, мін түзелсін,
Сыннан өтсін сан жұмыс.
Сыналансын кемтік жері,
Мінсіз болсын бар жұмыс.
Барды жоқ қып, кемді көрмеу,
Бүркемелеу болмасын.
Сыңар езу, қыңыржақтар
Тасқа ұрынсын, оңбасын.
Қызуында соқ темірді
Келді күрес кезіне.
Тартсын жаза, түссін дұшпан
Еңбекшілер тезіне!

1929





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу