Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  132


Автор: Әбділда Тәжібаев

Айдалған бай

Кетті отарбам, кетті зымырап дүрілдеп
Жұртты оятқан тәтті ұйқыдан гүрілдеп,
Белдер асып,
Шөлдер асып,
Көлдер асып,
Өтіп барад тауды - тасты тілімдеп.
Ішінде ың-жың ыңылдаған дауыс бар,
Зарланады, күңіреніп кей дауыстар.
Сан шаттықтың,
Сан бақыттың
Ішінде
Күйінетін, күңіренетін кім oлap?
Қайғылы
Бұлар кім?
Қасіретті
Мұнша тым
Кейбірі
Жатыр жым...
Кейінде
Әлсіз үн...
Сұр жыландар, бұлар елді шаққандар
Күні кеше ақ патшаға жаққандар.
Шекпен киіп,
Шен тағынып,
Басын иіп
Шен - шекпенге еңбекші елді сатқандар.
Болыс, молда бұлар елді билеген,
Датқа, билер еңбек атын сүймеген.
Байлық асып,
Майға сасып,
Шалқып тасып,
Жалшыларды қамырдай-ақ илеген.
Қонысынан аударылып айдалып,
Қалды енді арам ырыс байланып,
Аһ ұрады,
Қайғырады,
Ыңыранады,
Жата алмайды отарбада жайланып.
Айда, отарба, заула қатты зуылдап,
Еңіресін қайғылылар шуылдап,
Құрт апарып,
«Елсіз жерге»
«Сусыз шөлге»
Тазалансын арамыздан шуылдақ,
Сар дала
Жайнасын.
Еңбек бір
Қайнасын,
Коллектив
Сайлансын,
Жауыздар
Айдалсын,

1928




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу