Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  160


Автор: Әбділда Тәжібаев

Зоя

Көбісі осы жиналғандардың баламыз,
Бұларға біз де әкеміз бүгін, анамыз.
Тірлікте осылар сүйенішіміз, панамыз,
Өлсек те осылар жерлеген жерде қаламыз.
Ұлымыз дейік,
Қызымыз дейік барлығын.
Сезбесін бұлар ниетіміздің тарлығын.
Түп-түгел жетсін бәріне махаббатымыз
Емес пе осы жүрегіміздің жарлығы?
Зоя,
Сен бір қызы болдың елімнің,
Жасыңнан бізге жып-жылы болып көріндің.
Сол жылылықтан айрылма, досым қашанда,
Қасиетін сақта отырған мына төріңнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу