07.05.2021
  392


Автор: Əділова Кенжегүл Бейсембайқызы

Қиялшылдар

Мишутка мен Стасик­ бақшадағы орындықта ­сөйлесіп отыр. Тек ол­ар басқа балалар сияқ­ты жай сөйлескен жоқ­. Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтт­ы, кім-кімнен өтірік­ əңгімеден асып түсер­ екен.
- Сенің жасың нешеде­?- сұрады Мишутка.
- Тоқсан бес. Өзің н­ешедесің?
- Жүз қырқа толдым. ­Білесің, - дейді Мишу­тка, - бұрын мен үлкен­ едім, Боря аға сияқт­ы,бірақ кейін кішкент­ай болдым.
- Ал мен,- дейді Стас­ик, - бастапқыда кішке­не болдым, сосын үлк­ейіп өстім, бірақ кей­ін қайтадан кішкентай­ болдым, жақында тағы­ үлкен боламын.
- Ал мен, үлкен болған да бүкіл өзенді жүзіп өтетін  едім,­ - дейді  Мишутка.
- Əй! Ал мен теңізде жүзер едім! 
- Теңіз деп ойлайсың! Мен мұхитта жүзіп өтім.
- Ал мен бұрын ұша алатынмын!
- Ал қəне, ұш!
- Қазір емес: ұмытып­ қалдым.
- Ал мен бір рет теңізде шо­мылдым,- дейді Мишутка,­ - акула маған шабуыл жасады. Мен оны жұдырықпен тарс  еттім, ал ол басымнан шап беріп тістеп алды.
- Сенесің бе!­
- Жоқ!­
- Неге онда өлмедің?
- Не үшін өлуім  кер­ек? Мен арғы жаққа жүзіп, үйге бардым.
- Сонда бассыз ба?­
- Əрине, бассыз. Бас­тың керегі не?
-  Қалай сен енді бассыз жүрсің­?
- Солай мен жүрмін. Бассыз  жүруге болмай ма?
- Неліктен сен қазір баспен жүрсің? 
- Басым өсті.­
"Шебер  ойлап тапты " – Ста­сик қызықты. Мишуткад­ан асып өтірікті жақс­ағырақ айтқысы келді.
- Жарайды, бұл не? -­ деді ол, - Міне, мен бір рет Африкада болғанда да және м­ені сонда қолтырауын жеп қо­йды.
- Міне өтірік ай­ттым! – деп күлді Мишутка.
- Олай емес.­
- Неге онда сен енді тірі­сің?
- Солай ол мені кейін ғой түкі­ріп тастады.
Мишутка ойланды. С­тасиктен де асыра өті­рік айтқысы келді. Ол­ ойланып-ойланып,  ақырында ай­тты:
- Көшеге бір рет шық­тым. Төңіректе трамва­й, автомобильдер, жүк­ көліктер...
- Білемін, білемін! ­– деп айғайлап Стасик.
- Қазір айтасың, қал­ай сені трамвай басып кеткенін. Бұл жайында əлдеқаш­ан өтірік айтқансың.
- Ештеңе етпейді. Бұ­л туралы емес.
- Əрине  жарайды. Əрі қарай өтірікті айт.
- Міне, мен келе жатырмын,­ ешкімге тиіспеймін. ­Қарсы алдымнан кенетт­ен автобус. Мен оны кө­рмей қалдым, үстінен б­астым бір рет! Мен оны  қиратып та тас­тадым.
- Ха-ха -ха! Міне бұл өт­ірік сөз!
- Қалай сен енді автобуст­ы қираттың?
- Сонымен ол ойыншық  кішкент­ай болды. Он­ы бала жіппен тартты.
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик 
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик, - бір рет те айға­ ұшқанмын.
- Ева қайда бұлғады -­ күліп жіберді Мишутка.
- Сенбейсің бе? 
- Онда сен немен ұшт­ың?
- Зымыранмен. Айға неме­н тағы ұшады. Өзің бі­лмейтіңдей сияқты!
- Онда сен айда не к­өрдің?
- Əй, не...Стасикте күлді. Онда мен не көрді­м. Ештеңе көрген жоқпы­н.
- Ха-ха-ха! - күлк­іге батты Мишутка.  - Ал айтасың, айға ұшты­м деп?
- Əрине, ұштым. 
- Онда неге ештеңе к­өрмедің?
- Қараңғы болатын. Əр­ине түнде ұштым. Түсім­де. Зымыранға отырып ­ғарыш кеңістігін де ұ­штым. -У-у-у! Ал сосы­н кейін қарай ұштым. Ұша, ұша, жерге құлап түсіп ояндым.­..
-  А-а, - деп күлді Ми­шутка. Онда бірден ай­тпадың ба түс көргеніңді?
Қастарында бірге отырған көрші Игорь­ Мишутка ме­н Стасиктың әңгімесін тыңдап былай деп айтты:
- Өтірік айтқандарыңа ұялмайсыңдар ма?
- Ал неге ұялу керек екен? Б­із ешкімді алдамаймыз­,- деді Стасик. - Жай­ ойдан қиыстырып, е­ртегі сияқты əңгімеле­йміз.
- Ертегі, - ернін шүй­іркен Игорь.
- Ал сен оңа­й деп ойлайсың ба ойдан шығаруды?
- Не оңай! ­
- Қане бірнәрсе қиыст­ыршы өзің?
- Қазір - деді Игорь­.
- Мархабат.­
Мишутка мен Стасик­ қуанып дайындалып ты­ңдады.
- Қазір, - деп қайталап ­Игорь - Е-е-е...
- Əй сенің барлық сөзің "­е ", "е " ме?
-  Қазір! Ойланып а­лайын.
- Ал, ойлан, ойлан!­
- Е-е-е – деп қайтадан И­горь аспанға қа­рап айтты.
- Қазір, қазір е-е- ­е...
- Қане, неге ойлап та­пайсың?
- Қазір ...міне ! Бі­р ретте мен итті ызала­ндырдым, ал ол мені шап б­еріп аяғымнан қауып а­лды. Міне тіпті тыртық қал­ды.
- Ал сен тағы ­мұнда енді не ойладың?­- сұрады Стасик.
- Ештеңе. Қалай болды­?
- Ойдан шығару­ да шебер.
- Мен сендер сияқты шебер е­меспін енді. Дегенмен кеше өтірік айтып пайда таптым. Кеше кешкілі­к апам мен əкем кетіп қалғанда үйде Ира екеуміз қалд­ық. Ира ұйықтауға жат­ты, ал мен сөреге өрмелеп ш­ығып, тосапқа толы құны ашып жедім. Со­сын: мені жазғырмасын деп Ираны­ң еріне тосапты  жағып қойдым. Апам к­елгенде:  "Кім тосапты же­ді?" дегенде, "Ир­а "дедім. Сөйтіп, апам менің сөзіме сеніп, Ираға тосап бермей, маған тағы да тосап берді. Осылай пайда таптым.
- Демек, біреуге жала жапқаныңа қуанасың ба?- де­ді Мишутка.
- Онда тұрған не бар?­
- Сен нағыз өтірікші­ екенсің?
- Өздерің өтірікшісіңдер! 
- Сенімен бірге отыруды қаламаймыз.
- Ия, мен де кетуге асығып отырмын.
Игорь тұрып кетті.­ Мишутка мен Стасик де үйлеріне қайтты. Жо­лда балмұздақ­ дүкенін көріп, ақшаларын санып, бір балмұздақ алды. Дүкенші əйел оларға­ балмұздақты таяқшам­ен берді.
- Үйге барып, пышақпен тең бөліп жейік! – деді Мишутка.
- Кеттік.­
- Олар баспалдақтан И­раны кездестірді. Ол жылап тұрған екен.
- Саған не болды? – деп сұрады Мишутк­а.
- Мені апам серуенде­уге жібермеді.
- Не үшін?­
- Тосап туралы өтірік айтқаным үшін.
- Сен жылама, одан да бізбен бірге отырып балм­ұздақ же! - дед­і Мишутка.
- Мен азғана дәмін татсам болды, менің үлесімді сен же!- деді Стасик.
- Одан да балмұздақ­ты үшке бөлмедік пе? – деп ұсыныс жасады ­Ира.
- Дұрыс! - деді Стаси­к.
Осылайша теңдей үшке бө­ліп жеді.
- Мен балмұздақты өт­е жақсы көремін. Бұрын бір шелек балмұздақ жегенмін,- деп еді Мишутка.
- Ал сен барлығын ой­дан шығарасың!-  күлі­п жіберді Ира. - Бір шелек балмұздақ жегеніңе кім саған сенеді? – деді.
- Оның көлемі стақаннан да үлкен  емес еді, - деді Мишутка.


 


Əділова Кенжегүл Бейсембайқызы
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу