Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  345


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жол туралы

Асфальтты, асфальтсыз жолдарды білеміз,
Асфальтты,асфальтсыз жолдармен жүреміз.
Бірақ біз жолдағы міндетті білмейміз,
Жолдарды, жолдастар, жазықсыз кірлейміз.
Жолдың да құлағы, көзі бар, тілі бар,
Жолдың да қуанар, қайғырар күні бар.
Сол жолдар жатса да ойпатта, белесте,
Сүймейді адамды ойлары өрескел.
Таси бер жүктерді ең ауыр салмақты,
Жолдастар, жүк тарт та жол үшін ардақты.
Сүйеді ол бораннан ықпайтын батырды,
Сүймейді ол жеп-жеңіл жел қуған қаңбақты.
Сүймейді ол қашқынды кездерден ұрланған,
Қорқады ол жол тосқан жортымпаз сұмдардан,
Күтеді ол керсем деп кемеңгер ерлерді,
Сол жолмен еткен соң аңыз боп жырланған.
Бейнетпен өткенде ең биік шыңдардан,
Жол хабар береді алдағы жылдардан.
Ендеше баспа сен қасиетті жолдардан,
Қалдырма ізіңді нәжіске былғанған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу