Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  217


Автор: Әбділда Тәжібаев

Өзіңнен, өзімнен

Өзіңнің көңліңдей көресің
Менің де көңлімді.
Өзіңнің пейіліңдей көресің
Менің де пейілімді.
Сен менен данасын,
Мен сенен қайырымды.
Сен менен қаталсың,
Мен сенен мейірімді.
Өзіңнен, өзімнен жаңадан
Бір бүтін жасалса,
Қанын да, жанын да жаңарған
Қоса алса, жасарса,
О, ғажап, сонда бір
Көрер ек керемет адамды
Арман ғой бұл да бір
Аңсатқан әсем мен адалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу