Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  184


Автор: Әбділда Тәжібаев

Уақытқа

Көзімді алдың от боп жанған, маздаған,
Сөзімді алдың адам жанын қозғаған.
Үнімді алдың жоқтарды іздеп боздаған,
Өңімді алдың бүлдіршіндей тозбаған.
Жолымды алдың әлі алысқа бармаған,
Жырымды алдың әлі айтылып болмаған.
Жарар еді жүрегіме тимесең,
Бір күн тірлік ете алмаймын сүймесем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу