Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  227


Автор: Әбділда Тәжібаев

Кеше, бүгін, ертең

Кеше ғана бала едім тәй-тәйлаған,
Көлеңкеммен жарысып айқайлаған.
Ұшқан құстың қанатын сұраушы едім
Өз тілімде, үлкенше айта алмаған.
Бүгін енді егденің біреуімін,
Дей алмайтын дүниенің тіреуімін.
Көмек алам дәріден тамшылаған,
Емін іздеп шаршаған жүрегімнің.
Ертең, ертең... Әрине белгісізбін,
Адам менің сиқымды көргісізбін.
Ізім жатса болғаны әңгімелеп
Өткен-кеткен жайларын өміріміздің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу