Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  140


Автор: Әбділда Тәжібаев

Ол және мен

– Сен емес,- деді Ол маған,
– Мен емес,- дедім, иілдім.
– Иеңмін,- деді Ол маған,
– Нем сен,- дедім сиындым.
– Көзің жоқ, деді Ол маған,
– Соқырмын,- дедім иілдім.
– Тілің жоқ,- деді Ол маған,
– Мылқаумын,- дедім тыйылдым.
Тыйылдым әннен, сөзден де,
Қарауға қорықтым аспанға.
Ажарым әбден өзгерді,
Танымас болды достар да.
Көзімді жұмдым көрмеске,
Қарауға қорықтым жарыққа.
Қиялым кетті келмеске,
Жүрегім кірді табытқа.
Ұмыттым бояу түстерін,
Ұмыттым құстың үндерін.
Айтқанын Оның істедім,
Өзімше түк те білмедім.
Апырым-ау, әлі бармын ба,
Бар болсам кіммін, менмін бе?
Жоқ әлде тілсіз қалдым ба,
Тұтанбай қайта сөндім бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу