Өлеңдер ✍️

  05.05.2021
  153


Автор: Әбділда Тәжібаев

Күлкінің туы құламай

Күлкі де ортақ ұққанға,
Күлкісіз бізге күн қайда.
Күлімдеп адам шыққанда
Жадырап жаның тұрмай ма.
Таныс бол, мейлі битаныс
Бетпе-бет біреу келгенде
Көңіліңді басар қуаныш,
Жайдары жүзін көргенде.
Күлкілі көздің жанары
Көгерте келген көктемдей.
Ойыңда бір леп қалады
Жылтып сені өткендей.
Балалар күлсін шаттанып,
Сақылдап күлсін қуанып.
Аналар күлсін мақтанып,
Қайғы тас болсын қуарып.
Неміс пе, мейлі негр ме,
Күлсе екен, бәрі жыламай.
Тұрса екен жайнап жерімде
Күлкінің туы құламай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу