Өлеңдер ✍️

  05.05.2021
  252


Автор: Әбділда Тәжібаев

Балалар

Әнекей біздің балалар,
Әндетіп тағы оралар.
Әндетіп өтіп барады
Қуантып ата, ананы.
Үстінде мөлдір аспаны,
Алдында гүлдер алаңы.
Балалар етіп барады
Қуантып бүкіл қаланы.
Сәбилер жолы ашылды,
Алдында гүлдер алаңы.
Қуантып біздің ғасырды
Балалар өтіп барады.
Кетер ем мен де әндетіп,
Кетер ем бірге, балалар.
Қалыпты - ау бойдан әл кетіп,
Қуат жоқ, қайта оралар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу