Өлеңдер ✍️

  05.05.2021
  26


Автор: Әбділда Тәжібаев

Жалшылар, міне жеңді енді

Ауылда ірі байлардың
Өрісті малы бермеді,
Жалшы еңбегін жатып жеп,
Еңбек заңын көрмеді.
Күндерін көксеп датқалық,
Кеуделерін кернеді.
Малына сеніп күмпиіп,
Арамдар сөйтіп өрледі.
Сайлау болса жылтылдап,
«Мен жағыма кел, - деді.
- Көтеруге бағымды,
Құйыршық болып ер», - деді.
Советті күндеп, өсектеп,
Біле тұра сенбеді.
Қосшы ұйымын құлдар деп,
Кіжініп қолын сермеді.
«Тасқын суға бір тосу»
Дегендей, тосу келді енді.
Партия беріп басшылық
Кедейлер жеке меңгерді.
Байға жасап шабуыл,
Таразысы тең келді.
Тең келмеді - ау басынды,
Малына салып шеңгелді.
Ақ ордасын ойрандап
Жалшылар, міне, жеңді енді,


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы