Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  475


Анашым - 50 жасқа тілек

Той болып тойлануда туған күн,
Жанарыңда шаттық нұры тұнған күн.
50 жасқа келді міне анашым,
Құттықтайды сені алыстан боташың.
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.
Ақ тілектер қабыл болып, я Аллам,
Ешқашанда көрмеңізші қайғы мұң...
Сағынып сəлем жолдаймын алыстардан,
Орындалсын барлық тілек, асқақ арман.
Бар бақытты, денсаулықты тілеймін,
Жасыңа жас қосылып жүрші аман.
Өсірдің, аяладың, мəпеледің,
Əкемменен қол ұстасып жетеледің.
Кешірдің болса дағы қателігім,
Жыр арнап саған, ана, əкелемін.
Балаларың өсіп, міне, ер жетті,
Жеткізем деп көрдіңдер қанша бейнетті.
Қос бəйтерек əке менен анадан,
Аямайық мейірім мен құрметті...
Қол жетпейтін биік тұлға, дарасың,
Балаңызға əркез болған жанашыр.
Ақ тілегін қабыл алшы қызыңның,
Ұзақ жасап, аман жүрші, АНАШЫМ!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу