Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  1278


Туған күнге тілек

Келін болып түсіп едім жасымнан,
Сипадыңыз бақыт тілеп басымнан.
Менен кейін үш келінге ана боп,
Әулет болдық мерейі бір тасыған.

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немерелер қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.

Ешқашан мойымай қиындыққа,
Бола білдіңіз бұл өмірде төзімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан ана,
Ұл-қыздарың құттықтайды өзіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу