Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  190


Автор: Матай Сансызбайұлы

Заман кімдікі

Міна заман кімдікі
Қалі бардың заманы
Қорасында мың мыңдап малы бардың заманы
Қалта ортайса қайтадан
Толтыратын құйылып
Пенсионер кемпір мен шалы бардың заманы

Мына заман кімдікі
Пұлы бардың заманы
Мал бағатын қолды-аяқ ұлы бардың заманы
Алыс пенен жақынды ұштастырған тынымсыз
Көкіректе от көзінде нұры бардың заманы

Мына заман кімдікі
Биіліктінің заманы
Бюджетке тіреген илік тіріп табанын
Өзгелердің қолына ұстатып қу жауырын
Өзі шайнап жаясын
Семіз-семіз жобаның

Мына заман нарыққа енгендердің заманы
Илеуіне тірліктің көнгендердің заманы
Ең бергісі төрт жылда алшысынан асығы
Партиасы сайлауда женгендердің заманы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу