Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  158


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Жұмбақ бейне

Жұмбақ бейне

Кім сезеді жүректегі жарамды?
Ішіндемін тұнжыраған қапастың.
Сезім билеп, сиқырлады санамды,
Қалың ойдың орманында адастым.

Мың өткіздім сезімімді сүзгіден,
Қыз сезімі қалады екен жауапсыз.
Үй сыртына жүз шығамын, жүз кірем,
Әлдекімді күтудемін тағатсыз.

Елеңдеймін дүбіріне тұлпардың,
Жылқы бағып жүр ме екен деп тебінде.
Ақ сағымдай алыстағы сұңқарым,
Періштеңді душар еттің не күнге?

Аққулардың махаббаты маздаған
Қарайлаймын көк теңізге, айлаққа.
Жасырынып жұмбақ бейне ханзадам,
Жүр екенсің қай жақта?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу