03.05.2021
  420


Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
- Атың кім? - деп сұраса
Ұры:
- Әрине - деп жауап береді.
- Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
- Елің қайда? - десе
"Әрине" - деп айта беріпті.
Сонда бай:
- Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады.
Сонда ұры:
- Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу