03.05.2021
  363


Екі теңізші
Бір соғыс кемесі қараңғы және тұманды түнде жүзіп келеді. Басқару бөліміндегі капитан алдында ұзақтан жақындап келе жатқан жарықты көреді. Дереу қарсы бетке сигнал жіберіп, араларында мынадай әңгіме өтеді:
- Тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Сол мезетте қарсы жақтан да жауап келеді:
- Өздерің бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Капитан мұндай жауапқа таңырқап, ашуланады. Екі жақтың араларында өткен диалог бір неше рет өзгеріссіз тағы қайталанады.
- Мен 30 жылдық капитанмын, саған соңғы рет қайталаймын, бағытыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұр!
- Сен 30 жылдық капитан болсаң, мен де 20 жылдық теңізшімін. Сен бағытыңды батысқа қарай 30 градусқа бұр!
Капитанның ашуланғаны соншалықты, экипажына барлық зеңбіректерді атуға дайындауды әмір етеді де, соңғы рет хабарламаны жібереді:
- Бұл әскери кеме, тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар оқ жаудыра бастаймыз!
- Ал бұл жер шамшырақ (маяк)... Сендер бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар, біраздан кейін жартастарға ұрылып қирайсыңдар...


Ілмектер: теңізкемеЕкі теңізшімаяк




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу