02.05.2021
  1397


Математика туралы нақыл сөздер жинағы

Математика туралы нақыл сөздерді ұсынамыз. 


 




Алгебра біреу. Ол ұлтқа, дінге, мәдениетке, елге, жерге бөлінбейді. «Төрткен төртқараның» айырмашылығы неде? Тек қазақша атауында ғана. Асқар Жұмаділдаев




 


Рух пен материя арасында математика бар. Хуго Штейнхаус




 


Барлық өнердің музыкаға тартылғаны сияқты, барлық ғылым математикаға ұмтылады. Джордж Сантаяна




 


Ол ақын болып кетті, математик болу үшін фантазиясы жетпей қалды. Давид Гильберт




 


Таза математика дегеніміз – өзіміздің не айтып жатқанымызды және айтып жатқан сөзіміздің ақиқат екенін білмеу. Бертран Рассел




 


Шынайы өмірден математика орманына кіру оңай, ол орманнан тез аз адам ғана қайтып шыға алады. Хуго Штейнхаус


 




 


Математикада түсініксіз ойға арналған белгі жоқ. Анри Пуанкаре




 


Шынайы өмірге қатысы бар математика заңдылықтары сенімді емес, ал сенімді математика заңдылықтарының шынайы өмірге түк қатысы жоқ. Альберт Эйнштейн




 




 


Бүкіл шексіздікті бірден түсіне алмасаң, жартылай түсінуге тырыс. Славомир Врублевский




 


Арифметиканы түсіну мүмкін емес, оған сенуге мәжбүрміз. Мария Кунциевич


 




 


Аксиома – дәлелі аз ақиқат. В. Хмурый




 


Кітапқа енген кез келген формула оны сатып алушылардың санын екі есеге азайтады. Стивен Хокинг




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу