Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
02.05.2021
809
Силинші деген ханым
Қытай жұртының патшасының ханымы Силинші жібек құрттарын абайлап қарап жүрсе, бұл құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Ханым сол өрмекті алып, ширатып жіп істеді, сонан тоқып жаңа жібек орамал істеді дейді. Мұнан соң сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күн көреді екен. Ханым тұт ағашының жапырағын жиып, әлгідей көп құрт жиып асырап, ақырында, бұл құрттың пайдасын халқына үйретті дейді. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.
Бұл уақытта Силинші ханымның өткеніне бес мың жыл болыпты. Қытай жұрты әлі күнге данышпан ханымын ұмытпай, жыл сайын соның құрметіне той етеді.
Силинші жібек Мата ханым жібек құрт Ыбырай Алтынсарин Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter