02.05.2021
  2492


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Асыл шөп

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аружан
Аружан 07.11.2023 21:08
Бұл жерде маған ұнаған жері Бәтимәнің Зылиқа ға айтқан сабыр сөзі ұнады сабырлық қылсаң бәрі болады деген

Пікір жазу