Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  425


Автор: Жүсіпбек Аймауытов

Еңбекшілдер ұраны

Оян, қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш аш құл қайрат қыл.
Қайнап бастан ақыл ашынған
Майданға қанды айдап тұр.
Қиратамыз ескі жалғанды,
Жаңа тұрмыс орнатамыз.
Жарылқаймыз жарлы, қалғанды
Дәулеттен сонда татамыз.

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.

Бостандықты бізге ешкім бермес,
Патша да, құдай да, батыр да, —
Бостандық бізге көктен келмес,
Аламыз күшпен ақырда.
Ал егер жоям десең кұлдықты,
Тамағым болсын десен тоқ.
Қорғанба, дүмпілдет көрікті
Темірді қызған кезде соқ.

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.
Біздер бүкіл дүние жалшысы
Біз енбекшілер топтары.
Жерге қожа болу еркіміз,
Арамтамаққа жоқ бәрі.
Ал егер найзағай шартылдап,
Қаптаса жауыз дүниесін
Бізге де жарық күн жарқылдап,
Түсірер нұрлы сәулесін.

Қайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан
Дүние еңбекшілімен
Табылар бар пайдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу