Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  259


Автор: Жүсіпбек Аймауытов

Ұршық

Зырылдап жүгір ұршығым!
Шүйкені талдап іпсітіп,
Көзімнің жасы құр шығын
Жүректі өртеп ысытып.
Үсті-басы сырдай боп
Жүрген шығар құлыным.
Жалғызым кетіп жұрдай боп
Кесілді қолым, кұрығым.
Үш жыл киген түйе жүн
Тозған шығар шекпені
Тоңбасын деп күнімен
Батса да жанға кеткені.
Кәрі шешең сықсиып
Толтыра алмай ұршығын
Отыр жылап бүкшиіп
Көзінін сүртіп былшығын.
«Қарасам» да таусылып
Жылтылдап тұр сөнгелі.
Жалыныштық жалшынын
Нашардың күні көргені
Малы барлар малымен
Кісі жалдап алыста
Орын тауып жалымен
Кірісті де қалысты.
Қыршаңқы, ақсақ, соқырдың
Көтерілді базары
Жырық пен пұшық, қотырдың
Биыл кірді ажары.
Иіріп шекпен ұйқы жоқ
Үңілдім көзім сүзіліп,
Тез иірілер сиқы жоқ
Саласы шіркін үзіліп,
Сұраушының сүйгенін
Кім береді талдысын,
Тым болса осы шүйкенің.
Бітірсем екен жармысып.
Жеңіліп қашан жаман жау
Мереке болар кұдайым.
Жалғызым қайтып есен-сау
Қашан туар күн «айым!»
Зырылдап жүгір ұршығым
Шүнкені талдап іпсітіп,
Көзімнің жасы құр шығы»
Жүректі өртеп ысытып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу