Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  266


Автор: Шырын Мамасерікова

ЖАМИЛА

Қызығып Жамилаға бала күннен,


Аққудай перизатқа балайтын ем.


Ағамыз Алматыдан әкелгенде,


Аумайтын нұр бейнесі лала гүлден.


Сыңғырлап күміс күлкі арайлана,


Сүйсінтсе өлең тумас қалай ғана.


Кеңдік пен кербездікті көрем дәйім,


Сиғандай тал бойына дала, қала.


Секілді сәби кезгі пәк арманым,


Сұлулық патшасына тағар ма мін.


Анамдай аялаған алақанын,


Іздеймін қонған сайын жанарға мұң.


Жүректің әмірімен, қалауымен,


Төріне махабаттың жалау ілген.


Жұп жазбай жарыңызбен жүзге жетші,


Жастықтың жалындаған алауымен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу