Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  287


Автор: Шырын Мамасерікова

БҰЛБҰЛ ҚЫЗ

Әдемі әсем дауыс еліктіріп,


Жіберді жүрегімді желіктіріп.


Қиялмен алты қабат аспанға ұштым,


Қуаныш құшағына еніп тұрып.


Естимін Роза әнінен бұлақ сөзін,


Билейді жан дүниемді шуақ сезім.


Жүгіріп жалаң аяқ гүлдер терген,


Елестеп балалық шақ - лақ кезім.


Роза апай, талантыңмен бағалысың,


Өнердің соққан ерке самалысың.


Сталин, Хрущев, Брежнев басын иген,


Ғажайып сұлулықтың қамалысың.


Таулардың ұнатпайсың аласасын,


Көктегі жұлдыздармен таласасың.


Жер шарын түгел шарлап ән шырқадың,


Төгіліп толарсаққа қара шашың.


Қашан да аққу әннің пәк арманы,


Халқының махаббатын табар мәңгі.


Қабыл ал ыстық сәлем Аспарадан,


Қазақтың бұлбұл қызы, қаһарманы!


Өзіңді хан көтерген сүйікті елде,


Әлдилеп әнмен жұртты ұйыт, тербе.


Жезтаңдай қарлығашы Қазалының,


Самғай бер, шарықтай бер биіктерге!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу