Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  176


Автор: Шырын Мамасерікова

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Қашан да жан сырымды түсінетін,


Қақпайтын қатты сөзбен кісі бетін.


Сара әкпе, ұстаз едің ұлағатты,


Сәулесін күн сияқты түсіретін.


Шәкіртін шалыс басқан жебейтұғын,


Қиналса ақыл айтып демейтұғын.


Ұстаз ең ұлағатты ұл-қыздардың,


Қайрақ боп ар-намысын егейтұғын.


Өмірдің бәйгесіне қосқан атың,


Жетілді Қази, Ділдаң - қос қанатың.


Әлишаң бүгіндері өзіңе ұқсап,


Әулетке әже атанды бас болатын.


Қалайша Тәңірден бақ сұрамайын,


Тілекке төгер болса нұр арайын.


Апалап әлі күнге іздер сені,


Нұрболың, Ербол, Лаура, Құралайың.


Екшейтін ақ-қараны абызым деп,


Айтылар Ақкөз жайлы аңызы көп.


Аспара берді саған бір көшесін,


Алаштың нар тұлғалы бір қызы деп.


Арнайтын туған жерге қуат, күшін,


Ай мүсін талай перзент туары шын.


Сарадай дана ұстазға көше берген,


Ағайын, құтты болсын қуанышың!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу