Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  233


Автор: Шырын Мамасерікова

ДӘРІГЕР

Туған жердің ырысы шалқуы үшін,


Абыройы ауданның артуы үшін,


Он жігіттің жұмысын атқарып жүр,


Емхананың бақылап бар тынысын.


Сертке берік семсердей жарқылдаған,


Сезіміңнің кезі жоқ салқындаған.


Денсаулықты күзетіп тұрғаннан соң,


Алғыс айтар, Аяжан, халқың саған.


Түсіндіріп сырқатқа өмір күшін,


Мынау жалған фәнидің төрін ұсын.


Дүниеге екі рет ешкім келмес,


Шарықтатшы биікке көңіл құсын.


Білім - бақытқа апарар жеңіс кеме,


Ақын әкпең теңеуін теріс деме.


Шырқыраса шыбын жан жүгіреміз,


Ақ халатты дәрігер - періштеге.


Малы түгел қашан да басы аманның,


Жазымыштан сонда да аса алған кім.


Айналайын, Аяжан, отбасыңа


Көзі түзу болсыншы Жасағанның!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу