Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  162


Автор: Шырын Мамасерікова

АҚЖОЛТАЙЫ АУЫЛЫМНЫҢ

Жазар дәйім сырқат-дертті меңдеген,


Жалпақсаздың барша жұртын емдеген.


Қанайлардың келінісің қадірлі,


Қамшы үйірген қыңыр сөзге сенбеген.


Жүрегінің ашып тастап түндігін,


Бақыт табар қуандырса кімді-кім.


Шаңырақтарды шат күлкіге толтырып,


Кестің талай перзенттердің кіндігін.


Мейлі мамыр, мейлі боран ақпанда,


Кейде тіпті шырт ұйқыда жатқанда.


Құрақ ұшып жүгіресің науқасқа,


Қам көңіл боп, қайғы-мұңға батқанда.


Шипа қолды, білгір емші атанып,


Көпшіліктен жүрсің алғыс, бата алып.


Қайырымды қазағымның пейілі


Нұр жүзіңнен көрінін тұр ап-анық.


Алатаудың шыршасындай самсаған,


Арманың көп білем, Рая, аңсаған.


Ардақ тұтқан ақжолтайы аулымның,


Алла бағыңды ашсын деймін мен саған!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу