Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  198


Автор: Шырын Мамасерікова

КҮНДІК ШЕШЕ

Имандылықты алынбайтын қамал ғып,


Барша жұртқа тілейтіні - амандық.


Нәрестені жарық дүниеге әкелер,


Кіндік шеше-ең құрметті мамандық.


Шалқытатын шаңырақтың ырысын,


Кеңітетін болашақтың тынысын.


Перзент сыйлар таңғажайып әлемге,


Бағалайық кіндік шеше ұлы ісін.


Әрбір үйдің туды қанша ұл-қызы,


Ортақ оған қуанышы, қайғысы.


Қолы құтты кіндік шеше мен үшін,


Мынау жалған фәнидегі бай кісі.


Іңгәлаумен алғыс жырын селдеткен,


Бөпелері бүгіндері ер жеткен.


Солар шығар кіндік шеше Розаны,


Жетпісте де жауқазындай реңді еткен.


Балаларсыз айтшы, Роза, қайтер ең,


Соларменен биіктеп тұр мәртебең.


Тұлпарлары топтан озған Таразда,


Дәл өзіндей бақытты жан бар ма екен?!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу