Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  233


Автор: Шырын Мамасерікова

Ұстаз - Ана

Қанатын қыран құстай талдырмаған,


Қарттыққа үзеңгісін салдырмаған.


Аяулы аналар бар арамызда,


Алпысқа аяғынан шалдырмаған.


Куәсі жастық шақтың, балалықтың,


Галя жан, сен екенсің жаңа ұқтым.


Қаншама құлаш ұрып талпынсам да,


Шыңына шыға алмадым даналықтың.


Жайдары жаз мінезбен жұмсақ күліп,


Айтқызбай ішкі ойымды тұрсаң біліп.


Сол мезет мен өзіңді отырамын,


Айдакүл жеңешеме ұқсастырып.


Ақын ем той-думанда серпілетіп,


Атыңды жырға қосар келді ретім.


Арнаған бар ғұмырын бала үшін,


Ардақты ұстаз болдың ел білетін.


Арманның сан кеудеге отын жағып,


Үкілі үміт гүлп қойдың тағып.


Қырық жыл шаршамастан қызмет еттің,


Көргем жоқ жүргеніңді бойың бағып.


Мейірім, білім, ақыл-жиған нәрі,


Мұғалім жүрегіне сиған бәрі.


Г алядай аяулы ұстаз - аналарды,


Қуантсын шәкірттердің мейрамдары!..


Аяған жоқ тағдырдың дауыл желі


Алмас етіп шыңдады тәуір жері.


Қорықсам да Алланың қаһарынан,


Аяғымнан шала алмас жауым мені.


Маған таныс сондықтан бүгінгі әнің,


Айқызбай-ақ сырыңды ұғынамын.


Алдыртпаймын іштегі қамалымды,


Ауа райы секілді құбыламын.


Баяғыша сүрінтіп кетем деме,


Безектетіп келемеж етем деме.


Басым піскен қайтадан күймеу үшін,


Бопсалаумен арманға жетем деме.


Ізгіліктің қызғанып гүлдегенін,


Имансыздық емес пе күндегенің.


Пайғамбардың жасынан асқан шақта,


Жараса ма жуасты жүндегенің.


Таразылап шындықты айтар ақын,


Тұнығымды қаншама шайқамадың.


Жауыздықтың дәнегін көп егіп ең,


Жемісіңді өзіңе қайтарамын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нұрсулу
Нұрсулу 31.08.2021 11:53
Туелсіздік

Пікір жазу