Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  190


Автор: Шырын Мамасерікова

С. ҚАЛМЫРЗАЕВҚА

Текті тұяқ тұтқа болар еліне,


Табан тірер туып өскен жеріне.


Имандылық ордабасын орнатқан,


Халқы риза Сарыбайдай еріне.


Тәңірісіз тал да бүршік жармаған,


Ол дүниеге аттанбайтын бар ма адам.


Күнту бабаң жатқан шығар бір аунап,


Жақсылығың қайтсын дейміз Алладан.


Алла үйі жақсылыққа үйретер,


Жамандықтың керегесін күйретер.


Кем-кетікке жәрдемдесін, жарылқап,


Есіктегі басын төрге сүйретер.


Ұрпағының болашағын ойлаған,


Әдет-ғүрып, салт-дәстүрін жоймаған.


“Бағың жансын!” - дейді саған Шу жұрты,


Ізгі ісіңнің қуанышын тойлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу