Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  200


Автор: Шырын Мамасерікова

Келінім

Қайнағаны құрметтеп, еркелетер қайнысын,


Қалай ғана мақтаман келінімді ай мүсін.


Жаралдың ба текті ене етегінен, Гүлбану,


Әлде ұлттың уыз-салт өсиетіне саймысың?!


Мөлдіреген бұлақтай нәзік жүрек, жаны пәк,


Қанатымен су себер қарлығаштай қалықтап.


Қарапайым боп жұртқа көрінгенмен момақан,


Тереңдігін байқайсың зерде салсаң анықтап.


Айналайын, келінім, теңеп сені нар ұлға,


Жетекші етті “Асарға” патша қызы Дариға.


Абыройын ауылдың асқақтата берсін деп,


Алғыс айтам ақылды, парасатты аруға.


Шат-шадыман ынтымақ бау-бақшаңда гүл өсіп,


Шарбағыңнан шұрайлы ырыс желі гүр есіп.


Шым-шытырық тірлікте шарболаттай шыңдалдың,


Жан-жарыңның баянды бақыты үшін күресіп.


Қырмызыдай ажарлы, бұзылмаған қаймағы,


Көп емес қой әйелдер ардақ тұтар аймағы.


Құт-береке дарытса шаңыраққа өзіңдей,


Құламайды ешқашан махаббаттың байрағы!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу